16 жасар бойжеткеннің қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін сот оның анасына айыппұл салды - Павлодар облысы

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сот 16 жастағы бойжеткенді әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп таныды,

 ол қоғамдық орын - дүкенге мас күйінде келді, деп хабарлайды Ақтоғай сотының (Павлодар облысы) баспасөз қызметі.

Сот отырысында кәмелеттік жасқа жетпеген азаматша өзінің кінәсін мойындап, соттан оны қатаң жазаламауын сұрады. Оның анасы да кінәні мойындап, қызының спирттік ішімдік қолданатынын білмегенін түсіндірді.

ҚР «Бала құқығы туралы» Заңының 37 және 50 баптары бойынша, заңнаманы бұзған адамдар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Жасөспірімнің анасына бір АЕК сомасы көлемінде айыппұл салынды. Бұдан басқа, сот кәмелеттік жасқа толмаған қызға бос уақытының шектетілуін белгілеп, екі ай ішінде оның тәртібіне байланысты қатаң талаптар қойды.

Қаулы өзінің заңдық күшіне енді.