17 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 17 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1970) қазақ эстрада және опера әншісі Толқын Тоқтаубайқызы ЗАБИРОВА дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) және оның аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: 1993-1995 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет атқарды. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокал-педагогика практика пәнінің оқытушысы.
«Янтарный соловей» (Калининград қаласы, 1996) және «Әлібек Дінішевтің театры» (Алматы қаласы, 1998) атты Халықаралық конкурстардың лауреаты. Сонымен қатар, бірнеше Халықаралық эстрада байқауларының лауреаты.
52 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат жетекшісі Сергей Михайлович ЛИ дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Санкт-Петербург жоғары әскери командалық училищесін құқықтану мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған, заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын банк саласында бастады. «Қазагропромбанк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының заң кеңесшісі, «Казкоммерцбанк» ААҚ Ақтөбе филиалының заң кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Еңбек-Ақтөбе» РМК директоры болды. Ақтөбе облысының салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, Ақтөбе облыстық салық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы қызметін атқарды. Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаментін басқарды және Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің сот актілерін орындау Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерінде қызмет етті. 2024-2025 жылдары «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.
2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
52 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығы басқармасының төрағасы Ерлан Аңсағанұлы ҚИЯСОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік медицина университетін санитария, гигиена, эпидемиология мамандығы бойынша бітірген (1997); Орталық Азия университеті, Қаржы және несие мамандығы (2005); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес магистрі (2018 ж.).
Еңбек жолы: Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде медбике (1990-1991); Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тамақ гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері, Қазақстан Республикасы Әуе көлігіндегі Орталық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық-карантиндік пунктінің дәрігер-эпидемиологы, Алматы (1997 ж.) 1999); ҚР ИДП МК Санэпидстанциясында жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер (1999-2000); Алматы қаласы бойынша ҚР ИДП МК санитарлық-эпидемиологиялық станциясының жедел бөлімінің бастығы (2000-2003); ҚР ПДП МК санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы (2004-2006); ҚР Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры (2006-2020); ҚР Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы басшысының орынбасары (2020); ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі –ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (2020-2022) болдып қызмет атқарған.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
50 жыл бұрын (1975) «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Михаил Нугзарович ЛОМТАДЗЕ дүниеге келді.
Грузия Республикасы, Тбилиси қаласында туған. Еуропа менеджмент мектебін бітірген, BBA дәрежесі, Грузия (1997); Гарвард бизнес мектебін бітірген (2002).
Еңбек жолы: серіктестермен бірге құрылған GCG Audit консалтингтік компаниясының менеджері, Грузия (2002); Baring Vostok жеке үлестік қорының инвестициялық жобасының жетекшісі (2002-2007); «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы (2007-2018); «Kaspi.kz» АҚ (бұрынғы «Kaspi» АҚ) Директорлар кеңесінің төрағасы (2015-2018); «Kaspi.kz» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2015 ж. бастап); «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы (2018 жылдың 30 қарашасынан бастап).
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған (2021).
44 жыл бұрын (1981) «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жұмабекұлы ЖАМАУОВ дүниеге келді.
Атырау қаласында дүниеге келген. С. Демирел атындағы университетті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кіші кеңесшісі болып бастаған. 2006-2009 жылдары Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кеңесшісі, супервайзері. 2009-2015 жылдары «Жамбыл Петролеум» ЖШС менеджері. 2015-2019 жылдары «Жамбыл Петролеум» ЖШС атқарушы директоры. 2019-2020 жылдары «PSA» ЖШС техникалық тобының басшысы. 2020-2023 жылдары «PSA» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2023-2025 жылдары ҚР Энергетика вице-министрі лауазымын атқарды.
2025 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.