2 желтоқсанда республика бойынша қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Фото: Абай облысының ПД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» бірқатар бағыт бойынша қозғалыс режимі жаңартылғанын хабарлады. Кей өңірдегі жол учаскесінде шектеулер алынса, кейбір жолдарда қозғалысқа әлі де тыйым салынып отыр.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 05:00–де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:

Ақтөбе облысы

• «Қарабұтақ — Комсомол — Денисовка — Рудный — Қостанай» автожолының 0-234-шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылынан — Қостанай облысының шекарасына дейін)
• «РФ шек. (Жайсан ө\п) — Ақтөбе — Қызылорда — Алматы — ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 1154-1240-шақырым аралығындағы учаскесі (Ырғыз а. -Қызылорда облысы шек.).

Қостанай облысы

• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомол — Қарабұтақ» автожолының 234-385-шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасы — Денисовка ауылы)

Қызылорда облысы

• «РФ шек. (Жайсан ө\п) — Ақтөбе — Қызылорда — Алматы — ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 1240-1362-шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шек. — Арал қ.).

Сондай-ақ төрт өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде.

Ақмола облысы

Республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді. Бұл шара ауа райының бұзылуына, температураның төмендеуі, көктайғақ, ұсақ қардың жаууына байланысты енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман — Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Ауа райы

2025 жылғы 2 желтоқсанда Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 2 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазғанбыз.