20 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.00-де Ақорда резиденциясында Германия Федеративтік Республикасының Президенті Ф.В.Штайнмайердің мемлекеттік сапары басталады.
10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді.
10.00-де Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы Астана қаласындағы бірқатар медицина ұйымдары базасында пресс-тур ұйымдастырады.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Өрт сөндіру техникаларының қозғалысын қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Еркін Отарғалымұлы - Мемлекетті өрт бақылау басқармасының бастығы. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
11.00-де BCC Centre бизнес орталығында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Тынысбеков Асқар Станиславович. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Мәжілісте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталады.
15.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
18.00-де «Астана Опера» театрында «Опералия» фестивалінің салтанатты ашылуы рәсімі өтеді.
19.30-да «Нұрлы жол» вокзалының перронында «Туған елге саяхат» патриоттық-танымдық пойызы жобасының іске қосылу салтанаты өтеді.