2007 жылдан бастап шағын және орта бизнесті қолдауға 276 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді - Премьер-Министр
Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2009 жылы - бұл дағдарысты жылдың шыңы, корпоративті табыс салығы үштен бірге төмендетіліп, жылдық 20 пайызды құрады. Біз дағдарыс жағдайында бизнеске осындай ауқымды көмек көрсеткен бірден бір елміз. Қосымша құн салығы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салықтың регресивті ставкасы шкаласының орнына 11 пайыз мөлшеріндегі біртұтас ставка енгізілді. Ал инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салықтық преференциялар қарастырылды», деді Премьер-Министр отырыста.
Үкімет басшысы 2008 және 2009 жылдары шағын және орта бизнесті тексеруге мороторий жарияланғанын айта келе, кәсіпкерлерді қолдау үшін көптеген жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті.