2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында мақсатқа жету үшін нақты механизмдер мен құралдар бар - Премьер-Министр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысының айтуынша, бағдарлама жақсылап екшеленген, есеп-қисабы жүргізілген. Бүкіл тараппен талқыланған, ішкі және сыртқы ресурстардың есебінен қамтамасыз етуге болатын инвестицияның нақты көлемі ескерілген. «Ең бастысы бағдарлама халықтың бүкіл тобы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Кәсіпкерлердің айтарлықтай тобы үшін мемлекеттік сатып алулар жолымен өндірген өнімдері кепілдендірілген сұраныспен қамтамасыз етіледі. Қазақстандық қамтудың үлесі ұлғаяды. Бизнес экспортты ілгерілету үшін гранттық қолдау алады», деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, экономиканың басым салаларындағы бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өндірістік ұйымдардағы жұмыс істейтін бизнесмендер айтарлықтай қаржылық қолдауға ие болады. Әкімшілік кедергілерді төмендету есебінен Үкімет бизнестің тежелуін азайтып қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерліктің жаңа толқынын қалыптастырады. «Біз сондай-ақ халықты жұмыспен қамту жөнінде жаңа мүмкіндіктерді қалыптастырамыз, жаңа жұмыс орындары құрылады, халықтың табысы арта түседі. Тек осы жылдың ішінде жоспарланған индустриялық нысандардың құрылысы іске қосылған кезде біз 25 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрамыз. Бұл дегеніңіз, біздің азаматтарымыздың мыңдаған отбасылары лайықты және тұрақты өмір сүреді деген сөз.