2011 жылы импорт қарқыны 42 пайызға дейін артуы болжанады - Б. Жәмішев

None
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011 жылы елімізге импорт қарқыны 42 пайызға дейін артуы болжанады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«2011 жылы трансфертік түсімдерді есепке алмағанда бюджеттік кірістер жалпы ішкі өнімге 12,4 пайызға тең болатыны болжанады. Бұл ағымдағы жылғы жоспарға қарағанда 799 млрд. теңгеге артық. Жалпы, кірістер негізінен мұнай экспортына баждың артуы есебінен, макроэкономикалық көрсеткіштердің номиналды өсімінен, сондай-ақ салықтық жүктемелердің төмендеуіне байланысты кәсіпорындар айналымы қаражаттарының артуынан болжанады. Бұл ретте 2011 жылы елге импорттың қарқыны 42 пайызға дейін өсуі де күтіліп отыр. Жалпы, бұған дейінгі бюджетте негізінен импорт динамикасы төмендетілсе, 2011 жылы импорттың өсімі болжанады», деді ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев.