2012 жылдың алғашқы сағаттарында Kcell/Activ абоненттері 12,2 млн.-ға жуық қоңырау шалып, 2,7 млн.-ға жуық СМС жолдады
Бұл туралы ұялы байланыс операторының PR-сарапшы Еркін Үдербай мәлім етті.
Компания өз желілерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға арналған барлық қажетті шараларды алдын ала әзірледі. Байланыста туындауы мүмкін мәселелерді жедел түрде шешу үшін, компанияның ондаған қызметкері Жаңа жыл түнінде Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс орындарында кезекшілік етті.
«Жаңа жыл мерекесі жыл сайын желі сапасының сынағы болып табылады. Өткен жылдардағыдай биыл да біздің жүйе жүктемені көтере білді. Мәселен, Жаңа жылдың алғашқы сағатында-ақ қоңыраулар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 миллионға көбейді» - деп атап өтті GSM Қазақстан/Kcell бас атқарушы директоры Вейсел Арал.
2012 жылдың кіруіне бір сағат қалғанда GSM Қазақстан/Kcell абоненттері 11 миллионнан астам СМС жолдады. Бұл 2011 Жаңа жылмен салыстырғанда 4 есеге артық болды. Ал Ұлу жылының алғашқы төрт сағатында абоненттер 35,8 миллионнан астам қоңырау шалып, өткен жылғы межені 10 миллионға асырды. Жолданған СМС саны былтырғы деңгейге теңдей болды, олар 6,2 миллионды құрады.