2015 жылға дейін жол-көлік апаттарын 8 пайызға дейін төмендету көзделген - Ә. Құсайынов
11:11, 08 Қыркүйек 2010
АСТАНА Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздің көлік саласындағы жол қауіпсіздігі іс-шараларын қолға алудың арқасында 2015 жылға дейін жол-көлік апттарын 8 пайызға дейін төмендету көзделген. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, 2010-2014 жылдарға арналған еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы салалық бағдарлама аясында республикалық маңызы бар жолдардың 5,5 мың шақырымы қайта жаңартылып, 6 мың шақырымы жөнделетін болады. Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар жолдардың 10 мың шақырымы қайта жөнделеді.
Жаңа Кендірлі әуежайы салынып еліміздің әуе көлік паркін 18 әуе ұшағымен толықтыру жоспарланған. Осылайша, 2015 жылға дейін әуе ұшақтарының саны 45 бірлікке дейін артады. «Еліміздің көлік саласындағы жол қауіпсіздігі іс-шараларын қолға алудың арқасында 2015 жылға дейін жол-көлік апттарын 8 пайызға дейін төмендету көзделген», деп атап көрсетті Ә. Құсайынов.