2017 жылы Қазақстанда зейнетақы көлемі өседі
Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылы базалық зейнетақының көлемі 9 пайызға ұлғайып, 12 802 теңге көлемінде болады. Зейнетақының орташа деңгейі шамамен 60 167 теңге болады. Сонымен қатар әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлері 7 пайызға көтеріліп, бірқатар тұжырымдамалық жаңғыртулар орын алады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан, министрлік әлеуметтік даму тұжырымдамасын жаңғырту жұмыстарын бастайды. Онда қазақстандықтардың ең төменгі күнкөріс деңгейі қайта қаралатын болады.
«Аталған өзгерістерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік төлемдерге қосымша қаражат бөлу қарастырылған - олар базалық зейнетақылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін жәрдемақылар және тағы басқалары. 2018 жылы - 63 млрд. теңге, 2019 жылы - 88 млрд. теңге», - деді Б. Нұрымбетов.
Сондай-ақ 2018 жылдан бастап, базалық зейнетақы белгілеу тәртібі өзгертілмек. Зейнетақы жүйесінің жаңа жинақтаушы компоненті қосылады. 2018 жылдан бастап, жұмыс берушілер зейнетақы жарнасына 5% қосулары тиіс болады.