2020 жылы Қазақстан жемқорлық саны аз 60 мемлекеттің тізіміне енуі тиіс - О.Әбдікәрімов

None
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - 2020 жылы Қазақстан халықаралық сараптамашылар бағалауы бойынша жемқорлық саны аз 60 мемлекеттің тізіміне енуі керек. Бұл туралы жұма күні жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бағдарламасының жобасын талқылауға арналған отырыста «Нұр Отан» ХДП жемқорлыққа қарсы кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов мәлімдеді.

«Жемқорлыққа қарсы бағыт ұстанған жаңа бағдарламаның негізгі басымдықтары мыналар болуы керек: елдегі бизнес ахуалды елеулі түрде жақсарту, кәсіпкерлік қызметке қажетсіз тыйымдарды алып тастау, әр индустриялық жобаны жүзеге асыруда қоғамдық бақылау орнату, халықаралық стандарттарды енгізу отырып, жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық заңдылығын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің әлеуметтік мәртебесін және азаматтық қоғам мен тұрғындардың жемқорлыққа қарсы күрестегі мәртебесін көтеру, жекеменшік сектор мен мемлекет арасындағы келісімдік қатынастардағы ерікті коммерциялық тәжірибесін үстемелеу, сонымен қатар корпоративтік жемқорлықты болдырмау».

«2020 жылы Қазақстан халықаралық сараптамашылар бағалауы бойынша жемқорлық саны аз 60 мемлекеттің тізіміне енуі керек» - деп атап өтті Оралбай Әбдікәрімов.