30 мамыр күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА 

9.00-де Hilton Астана қонақүйінде ауқымды SAP бизнес-конференциясы өтеді.

9.00-де Білім беру саласының қызметкерлері үшін Стратегиялық консалтинг орталығының басқарушы серіктесі, стратегиялық маркетинг бойынша кеңес беруші және бизнес-тренер Аркадий Цукердің «Білім берудегі инновациялық ойлау» тақырыбында шеберлік сабағы өтеді.

10.00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саяси мектебінің профессоры Лим Сионг Гуанмен кездеседі.

10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы.

10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Германияның азық-түлік және ауылшаруашылық министрлігінің, Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігінің, Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің және «Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы» жобасының қолдауымен герман-қазақ бірлескен «Ауыл шаруашылығындағы цифрландыру» атты  ауыл шаруашылық форумы өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»  жобасын іске асыру аясында Фокус-Қазақстан халықаралық көрме жобасына арналған баспасөз маслихаты өтеді.

16-00-де ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің алдында есеп беру кездесуі өтеді.

16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғимаратында «SMART TIL» инновациялық байқауының қорытынды іс-шарасы өтеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандықтарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «Қазақстан» қонақүйінің «Алтын Емел» мәжіліс залында «Қасиетті Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

10.00-де II халықаралық «Кәсіпкерлік білім жылдам дамушы қоғамда: құндылықтардың өзгеруі» атты конференция өтеді.

11.30 «БЖЗҚ» АҚ-ның «БЖЗҚ-ның 2018 жылдағы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштерінің қысқаша шолуы» тақырыбында брифингі өтеді.

АҚТАУ

14.30-да Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығында мәдени іс-шара ұйымдастырылады.   

АТЫРАУ

10.00-де Атырау облысы әкімдігінің екінші қабатында қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

15.00-де  Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім беру басқармасының «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы аясында брифинг өткізеді.

ОҚО

12:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжановтың қатысуымен брифинг өтеді. Онда спикер жалпы кәсіподақтың негізгі жұмысы жайлы және жыл басынан атқарылған шаралар мен алдағы уақыттағы жоспарлары жайлы баяндайды.

ҚЫЗЫЛОРДА

Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов және М.Ералиева атындағы мәдениет үйлерінде Қазақстанның халық жазушысы, драматург, аудармашы Қалтай Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қаламы қарымды Қалтай» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауы басталады.