30 мың шаршы метрден астам аумақты шарпыған Биг Шанхайдағы өрт толық сөндірілді

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы бүгін таңертең басталған Биг Шанхай базарындағы өрт толығымен 30 113 шаршы метр аумақта сөндірілді.

ТЖМ дерегінше, азіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

- Өртті сөндіру жұмыстары бірқатар қиындықтармен күрделене түсті. Атап айтқанда, жалынның қарқынды таралуы, жанғыш материалдардың көп болуы, қатты түтін мен жоғары температура өрт сөндірушілердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтірді. Сонымен қатар, сауда павильондарының бір-біріне тым жақын орналасуы мен өрт ошақтарына шектеулі қолжетімділік те жағдайды қиындатты, - деп жазды ведомстводан.

Дегенмен, құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Айта кетейік, бұған дейін Биг Шанхай базарының өртенгені туралы хабар ТЖД-ға кеш берілгені мәлім болды

Тілсіз жаумен күрес барысында үш құтқарушы жарақат алды