45 адам Гватемаладағы көшкіннің құрбанына айналды
07:35, 07 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Гватемаладағы көшкін 45 адамның өмірін алып кетті. 16-дай азамат әлі күнге із-түзсіз жоғалғандар қатарында, -деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Ондаған адам Гватемала қаласының батысындағы тас жолға лай көшкін жүрген кезде, автобус ішінде қаза тапқан. Құтқарушылар тірі қалған 20 адамды алып шығу үшін лай-батпақты қазып өткен.
Селдің салдары қатты жауыннан болған. Елде төтенше жағдай жарияланды.