А.Есімов Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

None
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады,

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

А.Есімов Мемлекет басшысын Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі жоспардан хабардар етті.

Кездесу кезінде қысқы VII Азиялық ойындарға дайындық жасау жөніндегі жұмыстардың барысы туралы әңгіме болды.