Ә. Исекешев Қазақстанда индустрияландыруды басқару орталығын құруды ұсынды
«Біз индустрияландыруды басқару орталығын құруды және сапалы деңгейде, тәуекелі төмен және бюджет аясында мерзімінде тиісті шаралармен қамтамасыз ете отырып бағдарлама жобаларының тиімді басқарылуын мониторинг жүргізу міндетін қоюды ұсынамыз. Барлық пункттер бойынша ай сайынғы есеп Үкімет басшысына және Мемлекет басшысына ұсынылатын болады», деді Ә. Исекешев.
Сонымен қатар, Ә. Исекешев басқарушы орталық жұмысының жаңа қағидаты қажеттігін атап көрсетті. «Бұл ретте олар тек қана жобалармен ғана емес, сонымен қатар Үкімет жанындағы Бірыңғай үйлестіруші кеңестің қағидаттары бойынша жұмыс істеуі қажет. Яғни, инвестицияның, инновацияның, инфрақұрылымның барлық мәселелерін бизнестің өкілдерімен бірге осы орталықта пысықтау қажет. Бұған «Нұр-Отан» партиясының өкілдерін қосуды ұсынамыз», деді ол.