Ә.Исекешев: Шетелден келетін балалар тауарының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылауды күшейту қажет
«Балалар тауары индустриясының қазақстандық қауымдастығы» өзіндік өндірісінің болмауы салдарынан қазақстандық нарық іс жүзінде импорт тауарларға толып тұрғанын көрсетті», - деді ол.
Министрдің айуынша, балалар тауары ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің, олардың физикалық әрі психологиялық тұрғыда салауаты өмір сүруінің қуатты құралы болғандықтан көптеген елдері оны стратегиялық санатқа жатқызған. Мәселен, Ресей 2013 жылы «2020 жылға дейінгі кезеңге арналған балалар тауары индустриясын дамыту стратегиясын» бекіткен.
«Соңғы жылдары балалар арасында түрлі аурулардың өсімі байқалуда. Дерт көзі көрші елдерден тасымалданатын балаларға арналған түрі контрафактілік сапасыз өнімдер болуы мүмкін. Сондықтан балалар тауарларының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылауды күшейту қажет», - деді Ә.Исекешев.