А.Жұмағалиев ХҚКО-лар жұмысындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды

None
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысындағы кемшіліктерді түзетуді тапсырды.

«Ситуациялық орталыққа барып, ХҚКО-ның жұмысын бақылап қайттым. Шымкент қаласының ХҚКО-сында азаматтар құжаттандыру қызметін алу үшін 45 минуттан астам кезекте тұрады екен. Мәселені реттеуді тапсырдым», - деп жазды министр Twitter-дегі өзінің шағын блогына.

Сонымен қатар ол, Қызылорда қаласындағы ХҚКО-да жөндеу жұмыстарын дүйсенбіге дейін аяқтап, халыққа қызмет көрсете бастауды тапсырды.