Аграрлық ғылым осы салаға жаңа технологияларды енгізуге бағытталуы тиіс

None
әуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Аграрлық ғылым осы салаға жаңа технологияларды енгізуге бағытталуы тиіс.

Бүгін «Кедендік одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ғылыммен қамтамасыз ету» атты халықаралық конференция барысында баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және инновациялық саясат департаментінің директоры Нүркен Шәбиев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н. Шәбиевтың айтуынша, Кедендік одақ аясында жедел қарқынмен инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу әлемдік азық-түлік нарығындағы бәсекелестік үшін маңызда шара болып табылады.

«Осы тұрғыдан алғанда Кедендік одаққа қатысушы-мемлекеттердің аграрлық кешенін дамытуды тиімді қамтамасыз ету үшін аграрлық ғылым жаңа ұрпақтың жаңа технологияларын енгізумен айналысуы тиіс. Аграрлық ғылым өнімнің жоғары сапалылығын қамтитын, ресурсты үнемдеуді, экологиялық қауіпсіздік пен әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыратын жұмыстарға бағдарлануы тиіс. Бұл ретте аграрлық сала ғалымдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге технологиялық серпінділік жолдарын көрсетіп қана қоймай, әлемдік технологияның трансферті үдерісіне белсенді қатысушысы болып, өндіріске ғылыми әдістемелерді ендіру, сондай-ақ мамандар даярлау салаларына басымдық көрсетуі шарт», деді Департамент директоры.

Сонымен бірге, ол бірегей кедендік кеңістікте теңдей жағдайлар қалыптастырып, әділ бәсекелестікті орнықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдау шараларын бірізділендіру қажеттігін атап өтті.