Ахмадинежад Катар әміршісіне «иран бомбасын» табыс етті

None
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Катар әміршісі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани ирандық наноскоп тарту етілген үшінші мемлекет басшысы атанды.

Иран Президенті бұл тартуды Дохаға сапарының барысында тарту етті және «иран бомбасы» - елдің ғарышты зерттеу, нанотехнологиялар, биотехнологиялар, агротехнологиялар, фармацевтика және басқа да ғылымдар саласындағы жетістіктері екенін» атап көрсетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Иранның нанотехнологиялар саласындағы осынау бірегей жетістігі - ирандық наноскоп - ағымдағы жылдың басында Венесуэла және Бразилия президенттері Уго Чавес пен Луис Инасиу Лула де Сильваға тарту етілген болатын. Жергілікті дереккөздердің айтуынша, ирандық наноскоп - әлемнің алты елінде ғана жасалынатын заманауи электрондық құрал. Ол наноқұрылымдардың, антиденелердің, протеиндер мен ДНК молекулаларының екі өлшемді және үшөлшемді бейнелерін алуға мүмкіндік беретін құрал.

Ахмадинежад өз сөздерінің бірінде, Батыстың Иранның ядролық бомбасынан қауіптенетінін, бірақ та Иранның ядролық қаруға тіптен талпынып отырмағанын мәлім етті. Іс жүзінде «Иранның бомбасы» - ол елдің ғарыштық зерттеу, нанотехнологиялар, т.б. салалардағы жетістістері», деді президент өз сөзінде. Иран басшысының айтуынша, Ислам Республикасының қарсыластарын дәл осы жетістіктер үркітіп отырған көрінеді.