«АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сайлауалды іс-шаралар аясында Астанада «АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті,

деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Аталған кәсіпорын 1000-ға тарта адамды жұмыспен қамтып отырған аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Техникалық жабдықталуы жағын алсақ, кәсіпорынның арнайы жөндеу цехтарында байқау жұмыстары мен жөндеу түрлері бойынша электровоз жабдықтарын жөнге келтіру үшін қажетті деген барлық стендтер қолданылады, соның ішінде байқау стансасы бар.

Теміржолшылармен өткен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер Талғат Ерғалиев, Асқар Смағұлов, мәслихатқа үміткерлер Абзал Әбенов, Сергей Романов, Жанат Асанқали, қалалық сайлауалды штабтың басшылығы, партияның қалалық активі келді. Олар сайлаушыларды партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, сауалдарына жауап берді.