Ақмола облысында ағымдағы жылдың жеті айында 87 166 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
13:02, 11 Қыркүйек 2010
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, өңірде ағымдағы жылдың жеті айында 87 166 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өсім өткен жылмен салыстырғанда 23,2 пайызға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жыл ішінде барлық өнімнің 87,6 пайызын ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары өндірсе, 5,5 пайызы шағын кәсіпорындарға, 6,5 пайызы қосалқы өндірістерге тиесілі. Салалық құрылымда жетекші орынды өңдеу өнеркәсібі алады, оның еншісіне облыстың барлық өнеркәсіп өнім көлемінің 67,4 пайызы келеді. Осы кезеңде кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлер қазу екі есеге, өңдеу 20 пайызға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау сол деңгейде қалыптасты.