Ақмола облысында барлық егіс алқабының елу пайызында күзгі жиын-терін жұмыстары атқарылды

None
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат/Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысы бойынша 4 миллион 283,8 мың гектар егіс алқабының жартысында күзгі жиын-терін жұмыстары атқарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Серік Жамбеталиннің айтуынша, қазіргі таңда 9 330 астық комбайны, 904 жатка, 1 117 жүк көлігі, 1 787 тіркеме дала жұмыстарына тартылып отыр. Осынау қуатты техниканың мүмкіндігін толық пайдалана отырып 2 миллион гектардың астығы жиналып, қамбаға жөнелтілген. Әзірше гектар берекесі 5,6 центнерден айналуда. Бұл ретте Зеренді ауданында әр гектардан 8,6 центнерден, Аршалыда-7,7 центнерден, Сандықтау мен Бұландыда 7,1 центнерден, Бурабай ауданында 6,4 центнерден өнім жиналуда. Бүгінгі күнге дейін Астрахан, Егіндікөл, Жақсы, Қорғалжын, Бурабай аудандарында егіс алқабының жартысынан астамындағы дақыл жинап алынды.