Ақмола облысының әкімі жұртшылықты Ораза айты мерекесімен құттықтады

None
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко Көкшетаудағы Науан Хазырет атындағы мешітте болып, жамағатты Ораза айты мерекесімен құтттықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы бұл айт қасиетті Рамазан айында өткен оразаның қорытындысы іспетті екендігіне назар аудара келе, алдағы уақытта да ынтымақты, бірлескен іс -қимыл танытуға шақырды. Қазіргі кезде Көкшетау қаласында бір жарым мың жамағатқа арналған жаңа мешіт құрылысының қарқынды салынып жатқанын, жуық маңда жергілікті кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен Макин қаласында еңселі Алла үйі жұртшылық игілігіне берілетінін атап көрсетті. Облыс орталығының көркіне көрік беретін сәулетті ғимаратты салу ісіне барша жұртшылықтың білек сыбана атсалысып отырғанына ерекше тоқталды. Ораза айты әр шаңыраққа, әр адамға құт-береке әкеліп, ынтымағы жарасқан еліміздің дәулеті мен әлеуеті арта түсуіне ықыласты екенін жеткізген өңір басшысы ұлтаралық татулық пен бірліктің нығая түсуіне сенім білдірді.