Ақмолада ескірткі саудалаған 46 жастағы әйел ұсталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында жүргізілген жедел алдын алу шарасы барысында 1,5 келі есірткі затын «гашиш» саудалаған Степногорск қаласының тұрғыны, 46 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 52қағаз орама табылып, сараптамаға жіберілді», деді ведомство өкілдері.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 297 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгітергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері тәртіп сақшылары Ақмола облысы бойынша 84 қылмыстыққұқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 76 есірткі саудасына, 4-уі ірі көлемде есірткі сақтауға қатысты.Бұдан бөлек, 3 нашақорлардың ұяшығы жабылды.

Сонымен қатар, заңсыз айналымдажүрген 49 келі есірткі заты тәркіленді.