Ақпан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 12 мың 438 теңгені құрады- Статистика

None
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылғы ақпан айында еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 12 мың 438 теңгені құрады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 2,4 пайызға, 2009 жылғы ақпанмен салыстырғанда - 1,6 пайызға өскен. Бұның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,1 пайыз, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17,2 пайыз, жемістер мен көкөністерді - 10,4 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 9,4 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,9 пайызды құраған.