АҚШ доллары 1,13 теңгеге арзандады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD)қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 313,76 (-1,13 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 68 900 мың АҚШ долларын (+37 700 мың USD) құрады. Айта кетейік, кеше АҚШ доллары 0,34 теңгеге арзандап, 314,81 теңгені құраған болатын.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 45,5933 (-0,2167 теңге) теңгені, сауда-саттық көлемі - 450 мың юаньды құрады.