АҚШ-та беймәлім динозаврдың бас сүйегі табылды

None
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Американдық палеонтологтар бұған дейін белгісіз болған Abydosaurus mcintoshi динозаврларының түрін тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар жыныстардан Abydosaurus mcintoshi динозаврларының төрт бас сүйегін алды, олардың екеуі бүлінбеген болып шықты.

Бас сүйектер Юта штатындағы өзіндік динозаврлар қорығы болып табылатын аумақтан табылды. Олардың жасы 104,5 миллион жыл деп бағаланып отыр. Abydosaurus mcintoshi динозаврлары мойыны өте ұзын, төрт аяқты алып кесірткелер тобына жатады. Ал табылған бас сүйектер соншалықты үлкен де емес және құрылысы да оғаштау болып көрінеді.