Ақсулық «Жәрдем» қоғамдық қоры Жапония Үкіметінің грантына ие болды

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Ақсуда панасыз адамдарға қолдау көрсету орталығы құрылады,

деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Жапония елшілігінде келісімшартқа қол қойған ақсулық «Жәрдем» қоғамдық қорының директоры Анар Айдарханова, 1997 жылдан бері Қазақстанда адами қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 46 коммерциялық емес жобаға қолдау көрсеткен «Тамыр» бағдарламасы аясында 87,9 мың доллар грант алды.

Жапония Үкіметі тағайындаған гранттарды Ақсу қоғамшыларынан басқа тағы үш жоба алып отыр. Олар - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы ауруханасына бактериологиялық зертхана жабдықтарын алу, Семейде мүгедектерді тасымалдау үшін екі арнайы машина алу және Семей мектебін жаңарту жобалары.

Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Сигэо Нацуи, грант алған бағдарламалардың Жапония мен Қазақстан халықтарының арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне үміт білдірді.