Ақтауда құлаған ағаштар көліктерді зақымдады (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудың үш шағынауданында ауа-райының қолайсыздығы салдарынан ағаштар құлады. Екеуінде көліктерді зақымдады. Бірнеше шағынаудан жарықсыз қалды.

Метеорологтар келесі аптада Маңғыстау облысында жауын-шашын болады деп болжады.

lada.kz сайтына Ақтау тұрғындары құлаған ағаштардың суретін жіберуде.

Маңғыстау облыстық ТЖД хабарлағандай, қалада бұдан басқа ірі төтенше жағдайлар тіркелмеді. Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, жапа шеккендер жоқ.