Ақтауда теңізге батып кеткен жігіттің денесі 5 күн дегенде табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 17 маусымда суға батып кеткен жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 маусым күні департаментке қарасты жедел құтқару жасағының іздестіру тобы Ақтау қаласынан 22 шақырым жерден Каспий теңізіне батып кеткен адамның денесін тапты. Ол - жабдықталмаған жерде шомылып жүріп, суға батып кеткен 1999 жылы туған жас жігіттің мәйіті» делінген баспасөз мәліметінде.

Іздестіру жұмысына Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері, 2 техникасы мен 2 қайық жұмылдырылған.