Ақтөбеде қуаты жылына 50 мың текше метр қиыршық тас шығаратын зауыт пайдалануға берілді

None
АҚТӨБЕ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында тағы да бір жоба іске қосылды. «КТП» ЖШС компаниясы қиыршық тас шығаратын зауыттың құрылысын аяқтап, пайдалануға берді.

Мекеме Ақтөбе қаласының Ақшат ауылында орналасқан. Жобаның құны 75 млн. тегені, қуаттылығы жылына 50 мың текше метр өнімді құрайды. Мекемеде 50 адам жұмыс істейді.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты отандық жоғары сапалы құрылыс материалдары өнімін дамыту болып табылады.

Мекеменің негізгі ерекшелігі - қиыршық тас дайындауға қолданылатын құрылыс тасын, өңірдегі негізгі шикізаттан өндіру болып табылады.