Ақтөбеде өңірдің құрылыс саласы қызметкерлерін құттықтады

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жыл сайын елімізде тамыздың екінші жексенбісінде Құрылысшы күнін атап өтеді. Ақтөбе облысында құрылыс саласында 1368 кәсіпорын белсенді жұмыс істейді.

2014 жылы және 2015 жылғы жарты жылда олар облыс экономикасында маңызды орын алатын бірқатар ірі нысандардың құрылысын аяқтады. Бұлар - жылына 20 мың текше метр пенопласттиробетонды блок шығаратын цех, Жаңажол газ өңдеу зауыты, жылына 100 мың тонна көкөніс өсіретін жылыжай кешені, 1600 ірі қара мал ұстау орны және т.б.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Роза Кемелова құрылыс саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ол 10 мыңнан астам адам еңбек ететін құрылыс кешені елде белсенді дамып жатқан облыстардың бірі болып табылатын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқанына тоқталды.

Ол аймақтың бес қызметкеріне «ҚР құрметті құрылысшысы» төсбелгісін тапсырды. Құрылыс комитетінің құрмет грамотасымен 8 адам марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хаты 49 маманға табыс етілді.

«Актюбгражданпроект» кооперативінің ұжымы бәсекеге қабілеттілігі, жоғары тиімділігі үшін ТМД қатысушы мемлекеттердің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесі дипломымен марапатталды.