Ақтөбеде тұрақтандыру қорынан алынған картоп және басқа көкөністер арзан бағамен сатыла бастады

None
АҚТӨБЕ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласында 4 қаңтардан бастап тұрақтандыру қорынан алынған картоп және басқа көкөністер арзан бағамен сатыла бастады, деп хабарлады қалалық кәсіпкерлік бөлімі.

Көкөністер мен картоп қаланың бірнеше базарларының аумағында, соның ішінде «Алтай», «Табыс» және Орталық ауыл базарында орналасқан  «Ақтөбе-көкөніс» АҚ-ның сауда павильондарында сатылуда. Сатылу орындарында «Тұрақтандыру қорының өнімдері» тақтайшалары орнатылған, онымен қоса өнімдер базардағы бағалардан төмен бағамен сатылады.

Белгілі болғандай, 2011 жылдың шілде айында ҚР Үкіметі нарықтық тетіктерді қолдану арқылы азық-түлік нарығын реттеудің кешенді шараларын бекітті.

Ақтөбе қаласында арзан бағамен өткізу үшін азық-түлік тауарларының 10 аталымы бойынша тұрақтандыру қоры құрылды. Қарақұмық жармасы, күріш, қант, өсімдік майы, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, ет сатылып алынып, белгіленген нақты бағалар бойынша сақтауға салынды. Базардағы бағадан төмен болған бұл өнімдер Ақтөбеде маусым аралығы кезеңінде сатылатын болады.