Ақтөбенің шет аймақтарында жаңа мектеп пен балабақшалар салынады

None
АҚТӨБЕ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 2012 жылы Ақтөбенің бірқатар құрылыстарымен бірге шет аймақтарда жаңа мектеп пен балабақшалар тұрғызылады.

Кеше қалалық мәслихат қабылдаған 2012 жылдың бюджетіне сәйкес, келесі жылы Ақтөбеде 4 жаңа мектеп, 2 балабақша салынып, 2 мектептің құрылысы жалғасады.

Атап айтқанда, «Гүлдер» шағын ауданында 600 орынға арналған мектептің құрылысы басталды, сонымен бірге Садовое ауылында тұрғызылып жатқан 100 орындық мектептің жұмысы жалғасып жатыр. 2012 жылы осы аталмыш нысандардың құрылысына облыстық және республикалық бюджеттен 743, 5 млн. және 148 млн. теңге бөлінетін болады.

Айта кетейік, Оңтүстік-шығыс ауданында және Жана Қоныс ауылында бой көтеретін 600 орындық мектептің құрылысына қаражат бөлініп жатыр. Ақжар-2 ауданында және Заречный-2 кентінде 150 орынға арналған мектеп салынады. 2012 жылы Оңтүстік-шығыс ауданында және Жана Қоныс ауылында 150 орынға арналған балабақшаның құрылысы басталады.