Ақтоғай ауданының ауылдарында мектепке дейінгі балалар үшін шағын орталықтар ашылды - Павлодар облысы

None
ПАВЛОДАР. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа жылдың қарсаңында Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауылдарындағы   Шаяхметов және Қарақоға атындағы мектептерінде шағын орталықтар ашылды,

деп хабарлады аудандық білім бөлімі.

 Орталықтарды ашуға 3, 4 млн. теңге қаражат бөлінді. Енді «Балапан» орталығына 15,  ал «Балауса» орталығына 12 бала баратын болады. Орталықтардың мекемесі қажетті әрі санитарлық нормаларға сәйкес жабдықтармен қамтамасыз етілген.

  Павлодар облысында «Балапан» бағдарламасы мектепалды дайындық мекемесімен қамтамасыз етуде басым тәртіпте жүзеге асып жатыр. 1 жылдың ішінде өңірде 2 жаңа балабақша салынып және бұрынғы 11 балабақша  қайта жөндеуге берілген.  Сондай-ақ 14 шағын орталық құрылып, 1 жеке балабақша ашылды.

 1 жылдың ішінде облыстағы мектепалды дайындық мекемесінде балаларға 4 мың орын құрылды. Ауылдағы балабақшалар мен шағын орталықтарға бүлдіршіндердің 84 пайызы барады.