Алдағы үшжылдық бюджетте «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға 209,4 млрд. теңге бөлу көзделеді - Б. Жәмішев

None
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011-2013 жылдары «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға 209,4 млрд. теңге бөлу көзделеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Денсаулық сақтау саласында бүгінгі күні Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесі жүзеге асып келеді. Осы жүйе аясында жалпы алғанда үш жылда 832 млрд. теңге жұмсау болжанады. Оның ішінде 2011 жылы - 245 млрд. теңге, 2012 -283,2 млрд., 2013- 304,4 млрд. теңге көзделеді. Бұдан бөлек, Үкімет денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалауды 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыратын болады. Бұл бағдарлама кепілдендірілген тегін медициналық көмектің ауқымын кеңейтуге бағытталып отыр. Жалпы, 2011-2013 жылдары «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға 209,4 млрд. теңге бөлу көзделеді», деді Б. Жәмішев.