Әлемдегі ең кішкентай адам Гиннесстің рекордтар кітабына өтінім бермекші
18:11, 22 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бойы не бәрі 56 сантиметр болатын Непалдың тұрғыны ғаламшардағы ең кішкентай адам деген атаққа қол жеткізу үшін Еуропаға келді. Жасы 18-дегі Хагендр Тхап Магар Гиннесстің рекордтар кітабына ресми өтінім беру үшін әкесімен бірге Италияға табан тіреді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Магардың отбасы алғаш рет Хагендр 14-ке толған кезде рекордқа деген өздерінің құқықтары туралы мәлімдеген болатын. Алайда өтінім берушінің - жасөспірімнің әлі өсуі мүмкін екендігі көрсетіліп, өтінім кейінге қалдырылды.
Қазіргі уақытта бойы 73 сантиметрді құрайтын Хэ Пин Пин ең кішкентай адам болып саналады. Абсолютті рекорд үндістандық Гүл Мохаммедке тиесілі. Оның бойы 57 сантиметр - яғни Магарға қарағанда бір сантиметр артық.