Әлібек Қуантыров кәсіпкерлікті «Таза парақтан» реттеу шараларын атады
«Таза парақтан» реттеуді енгізу жұмысы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспар-кесте дайындалды. Жоспар ұйымдастырушылық сипаттағы барлық шараларды, орындау мерзімдері мен кезеңдерін, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдарды көздейді», - деді ведомство басшысы.
Айтуынша, министрлік мемлекеттік органдарды бизнесті реттеудің жаңа тәсілдеріне оқыту үшін сарапшылар құрамын қалыптастырды. Бұл оқыту бір ай бойы жүргізілмек.
«Қазіргі таңда мемлекеттік органдар реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін қайта қарау жүргізу үшін салалық жұмыс топтарын құрып жатыр.
Биылғы наурыздың соңына дейін мемлекеттік органдар жұмыс топтарымен бірлесіп, тізілімге енгізу үшін жетекшілік ететін салалар бойынша реттеу актілерінің тізбесін қалыптастырады», - деді Әлібек Қуантыров.
Оның сөзіне қарағанда, биыл 30 наурыздан бастап жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестік бойынша қойылатын талаптарға талдау жүргізілмек.
«2021 жылы алдын ала 424 құқықтық актілер қаралғанын атап өткен жөн. Онда шамамен 17 558 талап белгіленген. Оның 40%-дан астамы жаңа тәсілдеріне сәйкес келмейді», - деді министр.