Алматы маңындағы «Барыс» автокөлік базарының болашағы қандай
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласына жақын орналасқан «Барыс» автокөлік базарының болашағына қатысты пікір білдірді.
— Бұл өте ыңғайлы орын. Алайда базар аумағының бірнеше меншік иесі бар және олардың кейбірімен сот процестері жүріп жатыр. Егер біз істі жеңіп, 36 гектардан астам жер телімін облыс қарамағына қайтара алсақ, бұл жерде өнеркәсіптік индустриялық аймақ құру жоспарда бар, — деді өңір басшысы.
Оның айтуынша, бұл аумақты пайдаланудың әртүрлі нұсқалары қарастырылған. Алайда соңында өндірісті дамытуға басымдық беру жөнінде шешім қабылданған.
— Бұл — халық тығыз қоныстанған аудан. Ал адамдарға ең алдымен жұмыс орындары қажет, — деп түсіндірді әкім.
Еске салайық, 2023 жылы сот "Барыс" автокөлік базарының жер учаскелерін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.