Алматы облысында ауыл әкімі тізгіндеген көлік аударылып қалды

Фото: Kazinform

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында ауыл әкімі басқарған көлік жол апатына ұшырады.

Желідегі мәліметке сәйкес, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Даулеталиев басқарған көлік аударылып, 38 жастағы жолаушы мерт болған. Ал әкімнің өзі мен 34 жастағы жолаушы жарақат алған.

Талғар ауданы әкімінің аппараты бұл деректі растап, ресми мәлімдеме жасады.

- Панфилов ауылдық округі әкімі түскен жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметші ауруханада, сондықтан уақытша қызметтік тергеу жүргізу мүмкін емес. Процессуалдық әрекеттер аяқталып, мемлекеттік қызметші жұмысқа шыққаннан кейін тәртіптік шара қолдану мәселесі Әдеп кеңесінің қарауына шығарылады, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырағанын жазғанбыз.