Алматыда оқитын франциялық студент Президентке қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты
14:20, 31 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқитын франциялық студент Адриан Давус Мемлекет басшысына қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның ана тілімізді үйренуге деген ықыласына ризашылығын білдірді.
Бұған дейін Мемлекет басшысының елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттерге сәттілік тілегенін жазғанбыз.