Алматыда пойыз үстіне шыққан жасөспірім токқа түсіп қалды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Оқиға 19 шілде күні сағат 18:55-те Алматы-2 станциясында болған, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, кәмелетке толмаған бала (15 жаста) вагон төбесіне шығып, ток соғып, денесін күйік шалған.

Оқиға болған жерге жедел медициналық көмек бригадасы жетті. Бала тірі, оған медициналық көмек көрсетілді.

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ» теміржол қаупі жоғары аймақ екенін еске салады. Жолға шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамға жақын кез-келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін, - делінге хабарламада.

Оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін Маңғыстауда «КазАзот» зауытындағы оқыс оқиғадан жұмысшылар зардап шеккені туралы жаздық.