Алматыда таң ата күн ерекше қатты күркіреді

Фото: freepik.com

АЛМАТЫ.KAZINFORM - Алматылықтар күннің қатты күркірегенінен шошып оянды. Таң ерекше қатты күннің күркірімен басталды.

Әлеуметтік желіде түнеріп тұрған аспан мен ойнаған найзағайдың видеосы тарады.

Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Осыған дейін «Қазгидромет» РМК атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 13 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, күн күркірейтіні туралы екертекен болатын.