Алматының барлық ауданында 2 апта бойы жылу желілері тексеріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 21 шілде мен 1 тамыз аралығында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының 8 ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіледі.
Алматы әкімдігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы және басқа да штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін екенін ескертеді.
- Мұндай кезде өз бетінше әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ына мына телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109, - деп хабарлады әкімдіктен.
Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі:
21-23 шілде аралығында - Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек - Бродский - Рысқұлов - Сейфуллин; Алатау ауданы: Мөңке би - Б. Момышұлы - Райымбек - Фариза Оңғарсынова; Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр - Мұратбаев - Мақатаев - Сейфуллин - Тобаяқов - Желтоқсан - Мәметова - Абылай хан.
21 шілдеден 1 тамызға дейін - Бостандық ауданы: Асқаров - Мирас шағынауданы - «Алматы» шипажайы - Саин - әл-Фараби - Қазақфильм шағын ауданы - Рысқұлбеков - Каблуков - Бәсенов - Өтепов - Розыбакиев - Жароков - Алмагүл шағынауданы - Қожанов - ҚазҰУ - Тимирязев - М. Ганди - Назарбаев - Лисянский - Розыбакиев - Жароков - Эксперименттікбаза - Қожанов – әл-Фараби - Алмагүл шағынауданы - Орбита - 1, 2, 3, 4 шағынаудандары - Саин - Рысқұлбеков - Розыбакиев - Үлкен Алматы өзені - Өтепов - Жароков - Бәсенов; Медеу ауданы: Тайманов - Чайкина - Достық - Меңдіқұлов -әл-Фараби - Жолдасбеков - Достық - Байжанов - ІІМ шипажайы.
22-24 шілде аралығында - Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи - Емцов, Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи - Емцов; Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин - Тобаяқов - Назарбаев - Мәметова - Уәлиханов - Әйтеке би.
23-25 шілде аралығында - Әуезов и Алмалы аудандары: Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи - Емцов; Жетісу ауданы: Айнабұлақ - 1, 2, 3, 4 шағынаудандары; Көкмайса шағынауданы, Ангарская - Мақатаев - Палладин - Павлодарская көшелерінің аумағында; Алатау ауданы: Райымбек - Отырар - Рысқұлов - Н.Данченко; Алмалы ауданы: Шөкин - Петров - Қарасай батыр - Райымбек; Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов - Сейфуллин - Солтүстік Айналым - Боралдай; Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин - Рысқұлов - Жангелдин - Райымбек - Куратов - Гоголь.
24-25 шілде аралығында - Наурызбай ауданы: Райымбек - Жүнісов - Абай - Алтын Орда; Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданы Серіков - Ратушный көшесімен, сондай-ақ, Рысқұлов - Жансүгіров - Тихов - Глазунов көшелерінің аумағында; Әуезов, Наурызбай, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би - Сәтбаев - Әшімов - Ислам Кәрімов; Алатау ауданы: Мөңке би - Момышұлы - Фариза Оңғарсынова - Зерделі шағынауданы; Алмалы ауданы: Қарасай батыр - Ислам Кәрімов - Райымбек - Масанчи.
28-30 шілде аралығында - Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Тимирязев - Шагабутдинов - Розыбакиев; Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов - ҮАК оңтүстік жағы.
28 шілдеден 1 тамызға дейін - Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь - Курганская - Сәтпаев - Чайковский; Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов - Абай - Желтоқсан - Тимирязев - Гоголь - Есентай өзені.
29 шілдеден 1 тамызға дейін - Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев - Рысқұлбеков - Саин - Үлкен Алматы өзені.
30 шілдеден 1 тамызға дейін - Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр - Жандосов - Варламов - Айманов.
31 шілдеден 1 тамызға дейін - Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов - Саин - Сәдуақасов;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Өтепов - Розыбакиев - Байзақов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда газ құбыры жарылысынан екі адам зардап шеккенін жазғанбыз.