Алматы қаласы «Шаңырақ» ықшам ауданы газбен қамтыла бастады

None
АЛМАТЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қаласы «Шанырақ-1» ықшам ауданында аумақты газдандыру жоспарының бірінші кезеңіндегі газ жіберудің салтанатты рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтулы шара 2010 жылғы Алматы қаласы әкімі мен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның өзара әріптестік орнату туралы меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.

Әріптестіктің негізгі мақсаты Алматы қаласын газдандыруды дамыту мен экологиялық жағдайын жақсаруға бағытталған.