Алматы облысында «Фольксваген» көлігінің салонында екі бала өртеніп кетті
14:44, 01 Наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында қайғылы оқиға орын алды - «Фольксваген» көлігінің салонында екі бала өртеніп кетті,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Оқиға дүйсенбі, ақпанның 28-і күні Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында орын алды. Автокөлік түгі қалмай жанып кетті. Төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, өртті сөндіру кезінде көлік құралының салонынан екі және төрт жасар баланың денелері табылған.