Алматыда 2011 жылы 36 мың көшет отырғызылып, 103 мың шаршы метр жерге гүл отырғызылды

None
АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласының Таби ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаны көгалдандыру жоспарын артығымен орындап шықты.

Жыл басында 27 мыңнан астам көшет егу жоспарланған болатын. Оның 20 мыңнан астамы бюджет есебінен, ал 7 мыңнан астамы өтемдік ағаш отырғызу есебінен жүргізілді. Құны 174,5 миллион теңге болатын бұл ағаштартың 16 410-ы бұтақты, 2713-сы жапырақты, 1365-і қылқан жапырақты. Бұдан бөлек құлаған, құраған және кесілген ескі ағаштардың орнына 9 мыңға жуық көшет отырғызылды. Сондай-ақ 80 жер телімінде бюджет есебінен 41 мың шаршы метрлік гүлзар жасалды. 103 мың шаршы мектрден астам жерге гүл отырғызылды. 29,45 гектар аумақты алып жатқан 11 бақ көгалдандырылып, 13,2 шақырымдық арық жүйелері реттеліп, 32 субұрқақтың демалыс аумағы кеңейтілді.