Алматыда әл-Фараби даңғылында бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы хабарлағандай, орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысында 25-27 маусым күндері сағат 08:00 мен 24:00 аралығында, сондай-ақ, 28 маусым сағат 22:00-ден 29 маусым 06:00-ге дейін, 29 маусым сағат 22:00-ден 30 маусым 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

«Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз», - деп ескертті қалалық мобильділік басқармасы.