Алматыда «Асыл мұра» қалалық ән-би байқауы өтеді

None
АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Оқушылар сарайында наурыз айының 1-і мен 4-і аралығында «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән және жеке аспапта орындаушылардың І-ші қалалық ән-би байқауы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқаудың мақсаты - халқымыздың асыл-мұрасы - дәстүрлі ән мен күйлерін дәріптеу, сал-серілер есімін есте сақтап, әндерін жас ұрпаққа насихаттау, қазақ халқының ұлттық билерінің шебер орындалуына және дамуына ықпал жасау, сондай-ақ балалардың көркем шығармашылығының дамуына көмек көрсету және насихаттап, жәрдем ету, ұлттық мәдениетті, халықтық сал-дәстүрді сақтау, қолөнерді құрметтеп, жандандыру болып табылады.

Ән-би байқауы Алматы қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП-сы, «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшылығы жанынан құрылған «Заңғар» шығармашылық бірлестігі, білім, мәдениет басқармалары, Алмалы ауданы әкімдігі және «Айман» студиясының ұйымдастыруымен өтеді.

Байқау дәстүрлі ән, ұлттық аспапта ойнау, хореография, қазақ қолөнері аталымдары бойынша ұйымдастырылып, қатысушылардың өнерін композитор, ақын, әнші, хореограф, өнер қайраткерлерінен тұратын әділқазылар алқасы бағалайтын болады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ ең басты жүлделі орындарға ие болғандар биылғы жылы наурыз айының 23-28-і аралығында өтетін республикалық «Ғұмырдария» ән-би байқауына қатысады.